Белгия чемпионатынан құны миллион еуро қорғаушы қазақстандық клубқа ауысты

Футболшы Белгия суперкубогын иеленген.

Сербиялық қорғаушы Урош Витас павлодарлық "Ертіс" сапына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt басылымының мәліметінше, келісімшарт жыл соңына дейін жасалды, ал футболшының трансферлік құны миллион еуро.

26 жастағы Витас сербиялық "Рад" клубының тәрбиеленушісі. 2010 жылы "Партизанға" қарсы ойында негізгі командада ойнады, ал  2013   жылы "Войводинаға" қарсы матчта алғашқы голын салды.

2014 жылы Витас бельгиялық "Гентке" өтіп, 2014/2015 маусымда ел чемпионы және Белгия суперкубогын иеленді. 2016 жылы "Мехелен" сапына ауысты.

2011 жылы Урош Сербия жастар құрамасы сапында Румынияда өткен Еуропа чемпионатына қатысты.

Еске салайық, ҚПЛ-дің трансфері 11 қаңтардан 3 сәуірге дейін ашық.


  0