Сейдахмет "Уфа" үшін 2019 жылғы алғашқы ойынын өткізді

Ол бақылау матчінде алаңға шықты.

"Уфа" футбол клубы Ларнека оқу-жаттығу жиындарындағы үшінші бақылау матчінде швецариялық "Янг Бойз" жастар командасын жұтты, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Кездесудің 17-ші минутында уфалықтардың словениялық форварды Ловро Бизяк дубль жасады. Футболшыға дубль үшін 80 секунд қана қажет болғанын айта кетейік. 25-ші минутта Александр Пуцко бас жарақатын алып, оның орнына Игорь Дивеев алаңға шықты. Бірақ үзіліске дейін швецариялықтар Юрий Шафинский қақпасынан саңылау тапты. Осылайша, есеп 2:1 болды.

Айта кетейік, екінші таймда "Уфа" сапында ауысымға шыққан Қазақстан құрамасының шаубылшысы Еркебұлан Сейдахмет осы маусымда команда үшін алғашқы ойынын өткізді. 


  0