Еркебұлан Сейдахмет жарақаттан кейінгі жағдайын айтты

Шабуылшы Қазақстан құрамасымен жаттығу кезінде жарақат алды.

"Уфаның" Кипрдегі оқу-жаттығу жиындарында жүрген қазақстандық форвард Еркебұлан Сейдахмет ресми YouTube-арнасына берген сұхбатында денсаулығы туралы айтып берді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Сейдахметті сұхбат алдында туған күнімен құттықтады, сұрақтарға жауап бергеннен кейін футболшы жаттығуға кірісті. 

"Туған күніңмен, Лео!". Ресейлік клуб "қазақ мессиін" құттықтады

- Туған күніңмен! Қалыпқа келуің қашан?

- Болды, мен жалпылы жаттығулардамын.

- Испаниядағы жиындарға қатысасың ба?

- Әрине.



Былтырғы маусымда Сейдахмет Ресей премьер-лигасында екі матч қана өткізді. Оның үстіне жарақат алып, маусым басы мен жаңа чемпионаттың бастапқы ойындарын өткізіп алды. Биылғы РПЛ-де ол бір ғана матч өткізді және Кубокта бір ойынға қатысты. 

Айта кетейік, чехиялық бапкер Михал Билек Қазақстан құрамасының кеңейтілген сапына Сейдахметті қосты. 


  0