"Атыраудың" жартылай қорғаушысы жоғары дивизиондағы еуропалық клубқа ауысты

Команда турнир кестесінде тоғызыншы келеді.

"Атыраудың" сербиялық легионері Новица Максимович карьерасын Грекияның жоғары двивзионда ойнайтын "Панионис" сапында жалғастырады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Келісімшарт мән-жайы әзірге белгісіз, алайда, 30 жастағы футболшы жаңа командаға еркін агент құқымен өтті. 

"Атырау" сапында футболшы соңғы екі маусымда жалпы 57 матч өткізіп, он гол соқты және үш нәтижелі пас берді. 

Кәсіби карьерасын Максимович 2006 жылы "Црвенка" клубында бастады. Сонымен қатар, отанында "Хайдук Кула", "Нови-Сад", ужицалық "Слобода", суботицалық "Спартак", "Войводина" үшін ойнаған. Шетелде венгриялық "Ломбард" сапында өнер көрсетті.   

Айта кетейік, "Паниониос" 19 тур қорытындысы бойынша 16 команда ішінде тоғызыншы орында.


  0