"Туған күніңмен, Лео!". Ресейлік клуб "қазақ мессиін" құттықтады

Жақында ол жарақатын жазып, командаға оралды.

Ресейлік "Уфа" клубы қазақстандық шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметті туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, 4 ақпан Қазақстан құрамасының форварды 19 жасқа толды. Сейдахмет "Уфаға" былтыр көктемде ауысқан еді. 

"Уфа" командасының ресми твиттер желісінде Сейдахметті құттықтау суреті жарияланды. 

"Туған күніңмен, Лео! Бүгін "Уфа" ФК және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет 19 жасқа толды!", - делінген хабарламада. 




  0