"Ростов" қазақстандық Зайнутдиновтың командадағы бәсекелесімен қош айтысты

Футболшы ресейлік командаға 12 қаңтарда ауысты.

Ресей премьер-лигасындағы "Ростов" клубынан словениялық жартылай қорғаушы Жан Майер кетті. Бұл туралы команданың ресми сайтында хабарланған. 

"Жан Майер "Ростовтан" кетті. Словениялық жартылай қорғаушымен келісімшарт екі жақтың келісімімен үзілді. Біздің команда үшін ол 2017 жылдың жазынан ойнады. Ары қарайғы карьерасында сәттілік тілейміз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 12 қаңтарда "Ростов" Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың ауысқанын ресми мәлімдеді. Келісім шарттары айтылмады, алайда, "Астана" өкілдері футболшы Ресейге кету үшін келісімшартын өзі сатып алғанын хабарлады. Жаңа командасында Зайнутдинов екі жолдастық кездесуге қатысып үлгерді.

Зайнутдиновтан кейін команда оның позициясына тағы бірнеше футболшымен келісімшартқа отырды - Финляндия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Роман Еременко, Болгария құрамасының хавбегі Ивелин Попов және англиялық "Брайтон" футболшысы Матиас Норманн. 

"Ростов" қазақстандық Зайнутдиновты алмастырам деп ұтылып қалды


  0