Роналдудың "Ювентус" үшін салған жеңіс голы оны А сериясының тарихында қалдырды

Ойын тартысты өтті.

"Лацио" футболшылары Италияның А сериясындағы 21-ші тур матчінде өз алаңында "Ювентустен" ұтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Стадио Олимпико" стадионында өткен ойын 1:2 есебімен аяқталды. 59-ші минутта "Лацио" Эмре Джананың автоголынан кейін алға шыққан еді, алайда, 74-ші минутта Жоау Канселу есепті теңестірді, он төрт минуттан кейін Криштиану Роналду пенальтиден жеңіс голын соқты.

"Ювентус" 59 ұпаймен бірінші келеді, ал "Лацио" 32 баллмен 20 клуб арасында сегізінші орында.



Роналду есебінде А сериясында 15 гол бар. Криштиану "Аталантадағы" колумбиялық Дуван Сапатомен бомбардирлер тізімінде екінші келеді, ал бірінші орында 16 гол салған "Сампдориядағы" Фабио Куальярелла.

"Ювентус" твиттерінде Роналдудың "Лацио" қақпасына салған голы футболшыға 1994/95 маусымында үш ұпайлы жүйе енгізілгелі қонақтағы сегіз матчте қатар гол салған алғашқы ойыншы атануға мүмкіндік бергенін жазып отыр. 


  0