Қазақстан құрамысынң хавбегі ресейлік клубтың ең қымбат ТОП-3 футболшыларының қатарында

Ол бұл командаға 12 қаңтарда ауысқан.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов "Ростовтың" 24 жасқа дейінгі ең қымбат футболшылары арасында үшінші, - деп хабарлайды Vesti.kz.

20 жастағы футболшының трансферлік құны 1,2 миллион еуро. Алғашқы екі орында 21 жастағы Дмитрий Скопинцев (4,5 миллион) және тағы бір Қазақстан тумасы 22 жастағы Александр Зуев (2 миллион).

Ары қарай: өзбекстандық Элдор Шомуродов (23 жаста/900 мың), швециялықтар Антон Салетрос (22/900 мың) және  Деннис Хаджикадунич (20/800 мың), ресейлік  Александр Трошечкин (22/500 мың), Константин Плиев (22/450 мың),  Данил Глебов (19/300 мың) және словениялық Матия Бобен (24/250 мың).

Еске салайық, 12 қаңтарда "Ростов" Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың ауысқанын ресми мәлімдеді. Келісім шарттары айтылмады, алайда, "Астана" өкілдері футболшы Ресейге кету үшін келісімшартын өзі сатып алғанын хабарлады. Жаңа командасында Зайнутдинов екі жолдастық кездесуге қатысып үлгерді.

Ресей премьер-лигасының екінші айналымы 3 наурызда 18-ші тур матчтерінен басталады. Бұл күні "Ростов" қонақта "Енисеймен" матч өткізеді. 


  0