Қазақстандық Зайнутдиновтың командасына Ресей премьер-лигасындағы міндеттері айтылды

Маусымның екінші бөлігінде команда 13 кездесу өткізеді.

"Ростов" футболшыларына Ресей премьер-лигасының маусым соңында үздік алты команада болу міндеті қойылды. Бұл туралы Ростов облысының губернаторы Василий Голубев мәлімдеді.

17 тур қорытындысы бойынша "Ростов" 24 ұпаймен 16 команда арасында жетінші келеді. Маусымның екінші жартысында РПЛ-де 13 матч ойнау қажет. 

"Былтыр футболшыларымыздың алдына әйтеу бір орынға ілігу міндетін қойдық. Бастысы - клубты қайта құру болатын. Менеджмент бұл істі атқара алды деген ойдамын. Енді команданың алдына белгілі бір міндеттер қоятын уақыт келді.

"Ростов-аренада" 24 ақпанда өтетін алғашқы матч кезінде командамен кездесетін уақыт табамыз деген үміттемін. Сол жерде футболшыларға өз тілектерімді білдіремін. Чемпионат қорытындысы бойынша олар елдің ең мықты алты командасында болу керек", - дейді Голубев.

Еске салайық, 12 қаңтарда "Ростов" Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың ауысқанын ресми мәлімдеді. Келісім шарттары айтылмады, алайда, "Астана" өкілдері футболшы Ресейге кету үшін келісімшартын өзі сатып алғанын хабарлады. Жаңа командасында Зайнутдинов екі жолдастық кездесуге қатысып үлгерді. 


  0