"Реал" бапкері Роналдудың досын қосалқы ойыншылармен отырғызып қойды

Португалиялық оны "Ювентуске" ауысуға үгіттеп жүр.

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Сантьяго Солари команданың жартылай қорғаушысы Марселоны қосалқы ойыншылар қатарына қосып қойды. 

Бұған себеп бразилиялықтың артық салмағы. Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, Марсело қалыпты салмағының үстінен жеті келі қосқан. Оның үстіне Марсело соңғы күндері салмақ өлшеуден бас тартып жүр. 

Биылғы Испаия чемпионатында Марсело 11 матчке қатысып, екі гол салды. Ал премьер-лигадағы мадридтіктердің соңғы екі ойнында қосалқы ойыншылармен отырды. Турнир кестесінде "Реал" үшінші тұр және көшбасшы болып тұрған "Барселонадан" тоғыз ұпай қалып отыр. 

Сонымен қатар, биылғы маусым соңында Марсело "Реалдан" кетуі мүмкін деген ақпарат пайда болды. Бразилиялық туриндік "Ювентуске" ауысуы мүмкін. 

Роналду "Реалдағы" досын "Ювентуске" өтуге үгіттеп жүр


  0