Стойлов Қазақсан құрамасы футболшысына Ресей клубында сәтті ойнау үшін кеңесін берді

Ол ойыншының Ресей премьер-лигасына шығарына сенімді.

"Астана" мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Станимир Стойлов Vesti.kz тілшісіне Бахтиер Зайнутдиновтың ресейлік "Ростовқа" аусуына қатысты пікір білдірді.

Болгариялық маманың ойынша, 20 жастағы Қазақстан құрамасының ойыншысы Ресей премьер-лигасында ойнай алады, дегенмен, оған өз позициясында күшейіп алу керек еді. 

"Баханың әлеуеті жоғары. Оған әлі де жартылай қорғаушы мен шабуылшы позициясында арнайы жаттығып алу қажет еді. Физикалық жағдайы жақсы. Аздап ойын қулығы қажет, әйтпесе қиындықтар болады. Егер "Ростов" ойнына икемделсе, Ресей премьер-лигасында ойнай алады. Ол ойнай алмайтындай қиындықтар жоқ. Оған қаншалықты сенетіні де маңызды. Ол жас бір-екі ойын былай, одан кейінгілері басқаша болуы мүмкін", - дейді Стойлов. 

Еске салайық, 20 жастағы Қазақстан құрамасының ойыншысы "Ростовқа" ауысқаны 12 қаңтарда хабарланды. Зайнутдинов жаңа клубы үшін жолдастық кездесуде ойнап та үлгерді. Дегенмен клуб оны әлі РПЛ-ге шығара алмайды.


  0