Роналду "Реалдағы" досын "Ювентуске" өтуге үгіттеп жүр

Португалиялық онымен бірге тоғыз жыл ойнады.

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду мадридтік "Реал" қорғаушысы Марселоны өзімен бірге туриндік клубқа ілестіріп кетпек, - деп хабарлайды AS.com.

33 жастағы португалиялық пен 30 жастағы бразилиялық мадридтік клуб сапында 2009 және 2018 жылдар арасы бірге ойнаған. 

Басылым мәліметінше, Роналду және Марсело дос, сондықтан португалиялықтың "Ювентуске" аусып кеткеннен кейін де қарым-қатынастарын үзбеген. Роналду Италияға көшу туралы Марселоға жиі айтатын көрінеді.

Қорғаушының "Реалмен" келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Биылғы маусымда Марсело 19 матчте үш нәтижелі пас берді және үш гол соқты. 


  0