"Реал" Криштиану Роналдудан теріс айналды

Клуб оның атын өшірмек.

Мадридтік "Реал" криштиану Роналдуды туриндік "Ювентуске" ауысқаннан кейін өз тарихынан сызып тастауды бастады. 

Роналду мадридтіктер сапынан 2018 жылы жазда 112 миллион еуроға кеткен болатын. 

"Реал" сапындағы тоғыз жылда Роналду 16 трофей иеленді, соның ішінде Чемпиондар лигасының төрт кубогы. Оның үстіне, форвард испаниялықтар үшін 438 матчте 451 гол салып, "Реал" тарихындағы үздік бомбардир атанған. 

Ал Daily Mail "Реал" Роналдудың барлық әлеуметтік желісінен шығып кеткеніне назар салып отыр. Бір қызығы португалиялық мадридтіктерден бұрын ойнаған "Манчестер Юнайтед" әлі де футболшының желілерін қарап отырады. 

Сонымен қоса, "Реалдың" ресми сайтында УЕФА тұжырымы бойынша Команда туралы 2018 жылғы жаңалығы төрт ойыншының суретімен әсемделіп (Рамос, Варан, Модрич және Марсело), ал аттары қою шрифтпен белгіленген. Команданың Чемпиондар лигасында жеңіске жетіуіне айтарлықтай үлес қосқан Роналду болса символикалық құрама тізімінде ғана көрсетілген.



Галереяда "Реалдың" Роналду артқы жақта тұрған чемпиондық суреттері іріктелген. Ал "Тарих" және "Аңыздар" бөлімінде қолданушы бірінші кезекте Ди Стефано немесе Зиданның атын көреді. 

Бұған қоса "Реалдың" клубтық телеарнасы Роналдумен байланысы аз хайлайт қолдануға тырысады.


  0