Роналду "Ювентуспен" алғашқы трофейін иеленді

Португалиялық жеңіс голын соқты.

Туриндік "Ювентус" Италия Суперкубогы үшін матчте "Миланды" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы "Кинг Абдулла Спортс Сити" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз допты 61-ші минутта шабуылшы Криштиану Роналду салды.

73-ші минутта "Миланның" жартылай қорғаушысы дөрекі ойын үшін бірден қызыл қағаз алып, ойыннан шығып қалды.  

Осылайша, "Ювентус" рекордты сегізінші рет қатар Италия Суперкубогын иеленіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша "Ювентус" Кубокты жеті рет иеленген "Миланнан" асып отыр.

Бұл 2018 жылы жазда мадридтік "Реалдан" италиялық "Ювентуске" аусқаннан кейін Роналду үшін алғашқы трофей. Португалиялықтың трансфері 112 миллион еуро болды. 

Роналду үздік футболшыға берілетін "Алтын доп" сыйын бес рет иеленген. 33 жастағы Чемпиондар лигасын да бес рет ұтқан, ал Португалия құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған. 


  0