Тәжікстан чемпионатының легионері ҚПЛ-ге өтуі мүмкін

Футболшы бірнеше маусым украинада ойнаған.

Украиналық қорғаушы Артем Барановский қарағандылық "Шахтерге" байқаудан өтуге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы футболшы соңғы маусымды Тәжікстан чемпионатында "Истиклол" сапында өткізді. Сонымен қатар, ол азиялық турнирде бірнеше матч өткізген - АФК кубогы. 

Кеше Барановский албаниялық "Кукесиге" (0:2) қарсы бақылау матчіне қатысты. Байқау қорытындысы бойынша "Шахтердің" бас бапкері Николай Костов украиналық қорғаушының командаға алу не алмау туралы шешім қабылдайды. 

Барановский отанында донецктік "Металлург" сапындағы ойынымен белгілі, бұл команда үшін ол алты маусым өткізді. Осыдан кейін футболшы Украина премьер-лигасында "Сталь" (Каменское) және "Олимпик" (Донецк) үшін ойнады.


  0