"Қайрат" Ресей Кубогының иегерін сынап көруге шақырды

Ол Валерий Карпиннің қол астында жаттықты.

Ресейлік "Енисей" клубының сербиялық қорғаушысы Раде Дугалич алматылық "Қайратпен" келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тараптар келісімге келген жағдайда 26 жастағы футболшы жақын арада командаға қосылады. 

Раде Дугалич сербиялық Ниш қаласының "Раднички" клубының тәрбиеленушісі. Сербиядағы алғашқы лига мен жоғары дивизиондағы бірқатар клуб сапында ойынағаннан кейін қорғаушы Арменияға көшіп, "Улисс" намысын қорғады. Ресейде 2015 жылы арвамирлік "Торпедо"  сапында ойнай бастап, Валерий Карпиннің қол астында жаттықты. Былтыр Ленинград облысының "Тосно" клубы сапында Ресей Кубогын иеленді. 

"Енисейге" 2018 жылдың жазында ауысты. Ресейдің биылғы премьер-лигасында Дугалич 14 матч өткізіп, бір гол салды және бір нәтижелі пас берді. Былтыр жазда "Қайрат" сербиялық футболшыға қызығып отырғаны хабарланған еді.


  0