"Алтын доп" иегері Испания чемпионатындағы алғашқы голын салды

Бұл 19-шы турда болды.

Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич Испания чемпионатының биылғы маусымындағы алғашқы голын салды.

Премьераның 19-шы матчіндегі "Бетиспен" ойында хорват 13-ші минутта гол соқты. Матчтің өзі мадридтіктердің жеңісімен аяқталды - 2:1. 

Бұл модричтің бұл маусымдағы екінші голы. Ол клубтық әлем чемпионаты финалындағы "Аль-Айнмен" (4:1) кездесуде де бір гол салған. 

"Реал" үшін бұл маусымдағы барлық турнирлерде Модрич төрт нәтижелі пас берді.

Модрич "Реал" үшін 2012 жылдан бастап ойнап келеді. Футболшының мадридтік клубпен келісімшарты 2020 жылға дейін есептелген. 2018 жылы ол "Реалмен" Чемпиондар лигасын үшінші рет қатар ұтты, сосын Хорватия құрамасына тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалына дейін жетуге көмектесті де, турнирдің үздік ойыншысы атанды. Тамызда хавбек УЕФА-ның The Best, ал желтоқсанда "Алтын доп" сыйын иеленді. Осылайша, "Алтын допты" 10 жыл қатарынан иеленіп келген Месси мен Роналдудың үстемдігін үзді. 



  0