Роналду 2018 жылдың үздік футболшысы сыйын иеленді

Жыл бапкері мен клуб та таңдалды.

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "2018 жылдың үздік футболшысы" номинациясында Globe Soccer Awards сыйын иеленді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) мен Еуропалық футбол агенттерінің қауымдастығы (EFAA) құрған сыйды табыстау рәсімі Дубайда өтті.

2018 жылдың үздік бапкері Франция құрамасымен әлем чемпионатын ұтқан Дидье Дешам болды. Ал мадридтік "Атлетико" үздік клуб атанды. 

Роналдудың да ісін жүргізетін португалиялық Жорже Мендеш үздік агент деп танылды, ал үздік спорт директоры атағына "Ювентустегі" италиялық Фабио Паратичи лайық болды. 



  0