10 жылда алғаш "Алтын допсыз" қалған Месси мен Роналдудың құны түсіп кеткен

Екеуінің де трансфері бірдей соммаға құлдыраған.

2018 жылы туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду мен каталондық "Барселона" форварды Лионель Мессидің трансфелік құны түсіп кетті. Мұны transfermarkt.com порталындағы мәліметтерден байқауға болады.

Мессидің құны 180 миллион еуродан 160-қа түскен. Роналдудың трансфері де 20 миллионға арзандап, 100 миллион болды.

2018 жылы Месси барлық турнирлердегі 49 матчте 47 гол салды. Роналду жазда "Реалдан" 112 миллионов еуроға "Ювентуске" ауысты. Туриндік клуб үшін португалиялық Италия чемпионаты мен Чемпиондар лигасында ойнаған барлық 23 матчте 13 гол соқты.

Биыл Месси мен Роналду алғаш рет "Алтын доп" сыйлығынсыз қалды. Бұл сыйды "Реал" мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич иеленді. Оның трансферлік құны 25 миллион еуро болып тұр. 

Месси "Барселона" сапында 2000 жылдан бері ойнайды. Каталондықтармен бірге ол тоғыз рет Испания чемпионы атанды және төрт рет Чемпиондар лигасын ұтты.

"Ювентуске" дейін Роналду мадридтік командадан бөлек "Манчестер Юнайтед" сапында да болған. Португалиялық бірнеше рет  Англия және Испания чемпионаттарын ұтып, бес рет Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен.


  0