Ресейлік клуб Сейдахметтің бәсекелесімен келісімшартын ұзартты

Қазір қазақстандық жарақатынан емделіп жатыр.

"Уфаның" бас директоры Шамиль Газизов командадағы екі ойыншы - жартылай қорғаушы Игорь Безденежных және шабуылшы Вячеслав Кротовпен келісімшартты ұзартқанын мәлімдеді.  Бұл турлы Sportbox.ru хабарлап отыр. 

"Игорь Безденежных пен Вячеслав Кротов "Уфамен" келісімшартын ұзартты, екеуі де екі жылға", - дейді Газизов.

Биылғы маусымда Безденежных "Уфа" үшін екі матч өткізіп, нәтижелі әрекет көрсетпеді. Кротов 12 матчте бір гол салды. 

17 тур қорытындысы бойынша "Уфа" Ресей премьер-лигасында 16 ұпаймен 14-ші орында келеді. 


  0