Роналдуды қосалқы ойыншы етіп қойды

"Ювентустың" бас бапкері осылай шешті.

Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионаты 18-ші турының "Атлантаға" қарсы матчінде қосалқы ойыншылар орнындығында өткізеді. 

Туриндік команданың бас бапкері Массимилиано Аллегри мұның алдында команданың барлық матчтерінде басынан аяғына дейін ойнайтын  португалиялыққа демалыс беретінін айтқан.

"Криштиану ертең орындықта отырады. Бір рет болсын футболды бірге тамашалайтын болдық. Оның еңбегіне және бүкіл командаға да ризамын. Осы маусымды ол гол және статистика жағынан тамаша бастады. 

Наурызда ол мықты қалыпқа келу қажет. Ол кезде Чемпиондар лигасының шешуші матчтері басталады. Әрине біз мықтымыз, бірақ, онымен соңғы жылдарға қарағанда мықтырақ бола түсеміз", - деп келтіреді Алегридің сөзін La Gazzetta dello Sport.


  0