Роналду Мадридке аттап басқысы келмейді

Ол тіпті Испанияға бармағанды жөн көреді.

Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Ривер Плейт" және "Бока Хуниорс" арасындағы Либертадорес кубогы үшін финалдық матчқа қатысудан бас тартты. Ойын Мадридте өтеді, - деп хабарлайды AS.

Басылым ақпаратынша, португалиялық "Реалдан" кеткелі Испанияға баруға дайын емес. Мадридтік клуб пен Роналду арасындағы қатынас футболшының "Ювентусқа" ауысқандықтан суып кеткен. Футболшы матчқа осы себепті келгісі келмейді екен. 

9 желтоқсанда өтетін ойынды тамашалуға "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси келеді деп күтілуде. 

Бастапқыда "Ривер Плейт" - "Бока Хуниорс" арасындағы ойын 24 қарашада өту керек еді, алайда, жанкүйерлердің қонақтар автобусына шабуылынан кейін шегерілді. Бұл оқиғада бірнеше футболшы жарақат алған. Алғашқы ойын тең аяқталған еді - 2:2.

Либертадорес кубогы - Оңтүстік Американың басты клубтық турнирі. "Бока Хуниорс" пен "Ривер Плейта" ойыны бақталастыққа айналып кеткендіктен "суперклассико" аталып жүр.


  0