Месси Роналдудан асып түсіп, Чемпиондар лигасының рекордсмені атанды

"Барселона" плей-офф кезеңіне өтті.

Каталониялық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде голландиялық ПСВ-мен ойында гол салды (2.1).

Бұл 31 жастағы аргентиналықтың Чемпиондар лигасындағы 106-шы голы. Барлық добын ол каталониялық команда үшін салған. 

Осылайша, Месси португалиялық Криштиану Роналдудан гол санынан асып, бұл турнирде бір команда үшін салған голдар бойынша рекордсмен атанды. 

Сонымен қатар, ПСВ қақпасына гол Месси үшін Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі 66 матчтағы 66-шы болды. Осылайша, ол осы турнирдің үздік бомбардирі атанды.











  0