Роналду Чеимпиондар лигасында бірегей көрсеткішке жетті

Футболшы "Валенсиямен" ойында нәтижелі паспен көзге түсті.

Туриндік "Ювентустің" португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында бірегей жетістікке жетті, - деп хабарлайды "Чемпионат.com"

"Ювентус" Чемпиондар лигасының бесінші турында "Валенсияны" 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды 59-шы минутта Марио Манджукич салды. 

Роналду бұл ойында нәтижелі паспен көзге түсті, ал бұл жеңіс 33 жастағы футболшы үшін Чемпиондар лигасындағы 100-ші болды. Форвард мұндай жетістікке жеткен алғашқы футболшы. 

Криштиану Роналду "Ювентус" сапында жаңа рекорд орнатты

Айта кетейік, Чемпиондар лигасына қатысқан 140 команданың ішіндегі 136-нан жеңісі ең көбі Роналдуда.

Бес турдан кейін "Ювентус" 12 ұпаймен плей-офф кезеңіне шықты. Соңғы ойында туриндік клуб "Янг Бойзбен" ойнайды. Матч 12 желтоқсанда өтеді.  


  0