"Ет өсіретін уақыт жеттті". Ресейлік БАҚ "қазақ Мессиін" сынап тастады

Қазақстандық қазір Германияда емделуде.

Ресейлік "Реальное Время" сайты "Уфа" футбол клубының мәселелі тұстары туралы материалында Қазақстан құрамасының 18 жастағы ойыншысы Еркебұлан Сейдахметті атап өтті. 

"Сейдахметке бірден ет өсіруді тілеуге болады, болмайтын жерде жарақат алып, ұзақ емделе бермеу үшін. Қашан ойнайды сонда? "Қазақ Мессиі" тағы да операция жасатып, кемінде 2019 жылдың алғашқы жиындарына дейін ойыннан шығып қалды. Оның қиындығы легионерлерге деген лимитте. Сейдахметке екі саты көтерілу керек, ол болса құлдырап барады", - деп жазады БАҚ. 

Сейдахмет Италияға көше ме? "Уфа" бас директоры еуропалық клубтармен келіссөздер жайлы айтты

Еске салайық, 18 жастағы Сейдахмет ресейлік "Уфа" клубымен 2020 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Былтырғы маусымда ол Ресей премьер-лигасында екі матч қана өткізіп, жарақат алып қалды. Осыған байланысты маусым алды дайындықты және жаңа чемпионаттың басталуын өткізіп алды. Жақында ол Қазақстан құрамасымен жаттығу кезінде аяғын жарақаттап, Германияға емделуге кетті. 


  0