Букмекерлер "Астананың" Чемпиондар лигасындағы төртінші тур матчіне болжам жасады

Қазақстандықтардың қарсыласы чехиялық "Яблонец".

Бүгін 8 қараша "Астана" Еуропа лигасы топтық кезеңінің төртінші туры аясында чехиялық "Яблонецпен" матч өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын "Астана Аренада" өтеді және жергілікті уақыт бойынша 21:00-де басталады. Бұл матчтің тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясының болжамынша, бұл матчта алаң иелері басым. Осылайша, "Астана" жеңісіне коэфициент 1.82. ал "Яблонецтің" жеңісіне - 4.65, тең ойын - 3.40. 

Айта кетейік, "Астана" алты ұпаймен К тобын бастап тұр. Екінші орында "Динамо" (6 ұпай), үшінші франциялық "Ренн" - үш ұпай және "Яблонец" екі ұпаймен соңғы тұр. 

К тобының қатар ойыны Киевте өтеді, "Динамо" мен "Ренн" матчінің басталуы 23:55-те.

Еске салайық, "Астана" Киевтегі ойында "Динамомен" тең түсті - 2:2. Осыдан кейін "Реннді" ұтты - 2:0, ал Чехиядағы ойында "Яблонецпен" тең болды - 1:1. 


  0