Футболшы "Браса" үшін алғашқы голынан соң көзіне жас алды

Бұл оның Чемпиондар лигасындағы бірінші матчі.

"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Малком командасы үшін салған алғашқы голынан кейін көзіне жас алды. 

Оқиға Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші туры аясында "Интермен" ойында болды. Малком 81 минутта командаласын ауыстырып, алаңға шыға сала екі минуттан кейін ойын есебін ашты. 

Бұл бразилиялықтың каталониялық клуб үшін алғашқы ресми голы. Оның үстіне ол Чемпиондар лигасында алғаш ойнап тұр. Голдан кейін футболшы бұрышқа барып, көзіне жас алды. 

Айта кетейік, Малкомның голы "Барселонаны" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтуге септесті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды, 87-ші минутта Мауро Икарди "Интерді" жеңілістен құтқарды.

21 жастағы Малком "Барселонға" осы жазда "Бордодан" ауысып келген. Трансфер құны 41 миллион еуро болды. Каталониляқы клуб пен бразилиялық арасындағы келісімшарт бес жылға есептелген. 





  0