Криштиану Роналду Руниді сағыныпты

Олар "Манчестер Юнайтедте" бірге ойнаған.

Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Мансестер Юнайтедте" бірге ойнаған Уэйн Руниді сағынғанын айтады. 

Португалиялықтың сөзінше, Руни - тамаша футболшы. Англиялық форвард қазіргі таңда MLS-тегі "Ди Си Юнайтед" сапында. 15 қарашада Руни АҚШ құрамасына қарсы "Уэмблиде" Англия құрамасы үшін 120-шы қоштасу матчын ойнайды. 

"Рунидің күші мінезі мен физикалық мықтылығында. Ол ешқашан тоқтамайды, үнемі жүгіреді, командаға көмектесуге тырысады. Командалық ойынға жақсы, оның үстіне голды да көп салады. Оның есебінде маңызды голдар жетерлік. 

Ол Англияның ұлы. Оны барлығы сүйетін. Шынымен фантастикалық жігіт және керемет ойыншы. Мен оны питбуль деп атайтынмын. Енді мен онымен бір команда үшін ойынды сағындым. Мүмкін болашақта біз қайтадан бірге ойнармыз", - деп келтіреді футболшының сөзін The Mirror.


  0