Жанкүйерлер төбелесі кезінде футбол клубының президентіне оқ тиді

Жанжал матч кезінде басталды.

Францияда жанкүйер арасындағы төбелес салдарынан футбол клубтары бірінің президенті оқ жарақатын алды. 

Le Progres басылымының мәліметінше, оқиға Леон қаласының маңында "Венисье" және "Живор" командаларының матчі кезінде болған. Бұл екі клуб 3-ші Ұлттық дивизионнан шығып қалған командалармен лигаларды біріктіру жүйесіне кіреді, яғни, Францияның клбутық турнирінде бесінші деңгейде. 

"Венисье" 2:1 есебімен алда келе жатқан уақытта "Живор" жанкүйерлері алаңға жүгіріп шығып, полиция күшімен одан шығарылды. Ал матчтан кейін отыз шақты адам төбелескен. 

Төбелескендердің бірінде кіші колибрлі тапанша болған, дәл осы қарудан "Венисье" президеніт Ше Жан Пьер жараланды. Дегенмен оқ жарақаты ауыр болмады - оқ киімді тесіп өте алмады да, тиген орны көгеріп қалды. 

Куәгерлердің сөзінше, төбелес кезінде жанкүйерлер арматура, бейсбол биталары мен пышақар қолданған. Полициця қызметкерлері төбелесті тоқтатқанымен, ешкімді тұтқындамаған. Бұл ісбойынша тергеу басталды. 


  0