Криштиану Роналду Instagram желісіндегі ең танымал қолданушы атанды

Ол америкалық әнші әрі актрисадан асып түсті.

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құарамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram желісінің ең танымал қолданушысы атанды. Оның желідегі акаунтын 144,3 миллион адам бақылап отырады екен. 

Бұған дейін ең танымал қолданушы америкалық әнші әрі актриса Селена Гомес болатын. 29 қазанда Гомеске тіркелгендер саны 144, 33 мың адам болған, ал Роналдуда рекордты - 144,36 мың адамға жетті. 

Айта кетейік, Роналду спортшылар арасында бірінші орында тұрса, барлық атақты жұлдыздың ішінде Instagram желісіндегі бір жарнама жарияланым үшін футболшы ақшалай сыйақы бойынша үшінші орында. 2017 жылдың басында Роналду Instagram желісінде 100 миллион оқырман жинай алған алғашқы ер адам деп танылған еді. 

Роналду 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" "Реалға" көшті. Трансфер сомасы 93,4 миллион еуро болды. Өткен маусымында шабуылшы "Реал" сапында түрлі турнирде 44 матч өткізіп, 44 гол салып, Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған.

Еске салайық, биылғы шілдеде Роналду туриндік "Ювентуспен" 2022 жылға дейін келісімшартқа отырған. Келісім сомасы 112 миллион еуроға жетті, оның 100 миллионы "Реалға", ал қалғаны португалиялықтың бұрынғы клубтарына тиесілі. Роналдудың Туриндегі жалақысы, БАҚ мәліметінше, жылына 30 миллион еуро. Журналистердің есептеуінше, португалиялық футболшы секундына бір еуро табыс табады.


  0