"Тобылдың" шетелдік бапкері орнынан кетуге жақын

Оның орнына өзге шетелдік маман келеді деп күтілуде.

Қостанайлық "Тобылдың" бас бапкері Марек Зуб Қазақстан премьер-лигасы аяқталысымен орнынан кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

54 жастағы польшалық бапкердің қазақстандық клубпен келісімшарты ұзарту мүмкіндігімен биылғы жылдың соңына дейін жасалған. Алайда қостанайлық команданың басшылығы "Тобылдың" ойындарына риза емес. Польшалық бапкердің жаттықтыруымен команда тоғыз ойында үш рет қана жеңіске жетіп, үш рет тең ойнаған. 

Маусым аяқталысымен команданың өзге шетелдік бапкер жаттықтырады деп күтілуде. 

Еске салайық, Зуб "Тобылды" тамыздан бастап жаттықтырып келеді. Қазақстанға келгенге дейін ол отанында, Литва, Латвия, Қытай мен Беларусияда қызмет еткен. Оның жаттықтыруымен латвиялық "Спартак" Чемпиондар лигасы квалификациясында "Астанамен" ойнап, екі матч қорытындысы бойынша қазақстандық командаға ұтылып қалған. Ал бапкер ретінде Зуб литвалық "Жальгиристі" ел чемпионатында екі рет, ел Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жеткізген. 


  0