"Астананың" Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі үшінші матчінің трансляциясы

Қазақстандық команда Чехияда ойнайды.

Қазанның 25-нен 26-на қараған түні "Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңінің үшінші туры аясында чехиялық "Яблонец" командасымен ойнайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Чехияның Яблонец-над-Нисоу қаласындағы "Стржельнице" стадионында өтеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен 01:00-де басталады. Ойынды тіклей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. 

Трансляцияға сілтеме >>>

Еске салайық, "Астана" төрт ұпаймен К тобында көшбастап келеді. Екінші орында үш ұпай жинаған франциялық "Ренн". Үшінші - киевтік "Динамо" (2). Ал "Яблонец" соңғы болып тұр (1).


  0