Букмекерлер Ұлттар лигасындағы Латвиямен ойынға болжам жасады

Әзірге команадалр тең тұр.

Ертең, 13 қазан футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Латвиямен ойын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

D дивизионындағы 1 топтың үшінші тур ойыны Ригада өтеді, басталуы Астана уақытымен 22:00. Матчты тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді және ойынды "Матч! Футбол 3" телеарнасынан да тамашалауға болады.

Алдағы ойынға Tennisi.kz келесідей коэффициент қойып отыр: Қазақстан жеңісі - 2.90, тең ойын - 2.84, Латвия жеңсі - 2.76.

Еске салайық, екі тур қорытындысы бойынша Қазақстан мен Латвия бір баллдан жинап, үшінші орында тұр. Топта көшбасшы Грузия командасы (6 ұпай), ал екі балл жинаған Андорра құрамасы екінші. 


  0