"Біз одан жұлдыз жасадық, ал өзін жоғалтып алды". Қазақстан құрамасының бапкері Сейдахметке кеңес берді

Форвард құрамадағы жалғыз легионер.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов Ұлттар лигасы аясындағы Латвия және Андоррамен матчтер алдында құрамадағы жалғыз легионер Еркебұлан Сейдахмет туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Уфада" жақсы бастады. Қазір бастысы - өз орнын табу. Сосын келісімшарт уақыты аяқталғанда қайда жалғастыратынын ойланар. Неғұрлым жақсы ойнаса, құрамаға соғырлұм жақсы. Мұнан жоғары чемпионатқа бара алса, барсын. Ал бәсеке көрсетпесе, ойлану керек. Қазақстанға оралса, ешкім оған негізігі орынды кепіл етпейді. 

Ойнай бастағанда, иә, мен де негізгі ойыншы етіп отырдым. Ол өз орнына лайықты болды. Біз одан жұлдыз жасадық, бірақ, ол өзін жоғалтып алды. Оған болашағы туралы ойлану керек", - дейді Стойлов.

18 жастағы Сейдахмет "Уфаға" ақпанда ауысып, Ресей преиьер-лигасында үш ойын өткізді. Қазақстан құрамасында Стойловтың бапкерлігімен өнер көрсеткен. Ал Венгриямен жолдастық кездесудегі дәл соққы оны ұлттық команда тарихындағы гол салған ең жас ойыншы етті. 


  0