Роналду тағы бір әйелді зорлады деп айыпталды

Соттасуға байланысты футболшы алдағы матчтерге қатыса алмайды.

Адвокат Лесли Стовалл амеркиалық Кэтрин Майорга "Ювентус" пен Португалия құарасының шабуылшысы Криштиану Роналдудан зардап шеккен жалғыз әйел емесін айтады, - деп хабарлайды Daily Mail.

"Осындай жағдайға түскенін айтып, қоңырау шалған тағы бір әйел бар", - дейді Стовалл. Адвокат зардап шеккен екінші әйелдің атын айтпады. Алайда ол әйел футболшыдан зорлық көргені туралы Лас-Вегас полициясына ақпарат беретінін айтты. 

28 қыркүйекте Майорга алғаш рет ресми түрде Роналдуды айыптады. Бұл оқиға 2009 жылы Лас-Вегаста болған-мыс. Әйелдің айтуынша, спортшы кейін оған өтемақы ретінде 375 мың доллар төлеген.

Роналду бұл айыптауларды мойындамады және онымен соттаспақ. Майоргамен соттасу кезінде футболшы Португалия құрамасының алдағы матчтеріне қатыса алмайды. 


  0