Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі "Астананың" өз алаңындағы алғашқы матчінің тікелей көрсетілімі

Қарсылас франциялық "Ренн".

Бүгін, 4 қазанда "Астана" Еуропа лигасының жаңа маусымындағы топтық кезеңінің алғашқы матчін өз алаңында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші тур аясында қазақстандық команда франциялық "Реннді" өз алаңында қабылдайды. Ойын "Астана Аренада" жергілікті уақытпен 20:50-де басталады. Матч QazSport арнасында тікелей көрсетіледі. 

Трансляцияға сілтеме >>>

Еске салайық, "Астана" бірінші турда "Динамомен" киевтіктер алаңында тең ойнады. Ал "Ренн" өз алаңында "Яблонецті" 2:1 есебімен ұтты. 


  0