"Қазақстандық Куарежма", Сейдахмет және тағы 22 футболшы Ұлттар лигасындағы матчтарда Қазақстан құрамасында ойнауға шақыртылды

Ойындар 13 және 16 қазанда өтеді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов Ұлттар лигасының қазандағы матчтарына шақыртылған футболшылардың тізімін атады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Топтық кезеңде еліміздің құрамасы 13 қазан Ригада Латвия құрамасымен ойын өткізеді, ал үш күн өте "Астана Аренада" Андора құарамасын қабылдайды. 

Тізімде жалпы 24 ойыншы бар. Алғашқы матчтардағыдан бір ғана айырмашылық қостанайлық "Тобыл" шабуылшысы Максим Фединнің қосылуы. Федин Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Рикардо Куарежма стиліндегі голымен көзге түскен. "Пюникпен" ойында оның тепкен добы қиялай ұшып, қақпаның бұрышына кірген (видеосына сілтеме).

Қазақстан құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Ненад Эрич ("Астана"), Владимир Плотников ("Қайрат"), Дмитрий Непогодов ("Тобыл");

Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (барлығы -"Астана"), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский, Нұралы Әліп (барлығы - "Қайрат");

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (бәрі - "Кайрат"), Бактиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков (екеуі де - "Астана"), Думан Нарзилдаев ("Қайсар"), Еркебұлан Тұңғышбаев ("Ордабасы"), Максим Федин ("Тобыл");

Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Роман Мұртазаев (екеуі де - "Астана"), Бауыржан Тұрысбек ("Тобыл"), Еркебұлан Сейдахмет ("Уфа", Ресей);

Қосымша: қорғаушы - Александр Соколенко ("Қайрат").

Айта кетейік, екі ойын қорытындысы бойынша Қазақстан бір ұпаймен D лигасындағы 1-ші топта соңғы. Бірінші орында алты ұпаймен Грузия, екінші - Андора (2) және Латвия (1).


  0