Модрич: Үздік ойыншы ретінде алған марапатымның жартысы Миятовичке тиесілі

Югославиялық әйгілі футболшы Луканы марапатымен құттықтады.

ФИФА тұжырымы бойынша ең үздік ойыншы атағына ие болған "Реал" жартылайқорғаушысы Лука Модрич радиоэфир барысында "корольдік клубқа" хорват ойыншысын ұсынған Предраг Миятовичпен тілдесті. 

Югославиялық әйгілі футболшы Луканы марапатымен құттықтады. 

"Құттықтаймын Лукита! Сен футболшы ретінде және адам ретінде осыған лайықсың", - деді Миятович. 

Модрич өз кезегінде Миятовичке алғыс білдірді. 

"Оған үлкен рақмет! Мен "Реалға" келгелі ол маған көп көмектесті. Осы марапаттың жартысы соған тиесілі. Сон мұның осылай білген сияқтысың Педжи!", - деді Модрич. 


  0