Швециялық шабуылшы алаң ортасынан гол салды

2018/2019 маусымында ол жеті гол салды.

Швеция чемпионатында "Эстерсунд" өз алаңында "Броммапойкарна" командасын 3:1 есебімен Дино Исламовичтің соққан хет-тригінің арқасында жеңді. 

Әсіресе шабуылшының екінші соққан голы керемет болды. Екінші таймның басында Исламович алаң ортасынан қақпаға доп тепті. Қақпашыны әбден састырғаны доп тура барып қақпаның тура бұрышы арқылы кірді. 




"Эстерсунд" Швеция чемпионатының биылғы маусымында бесінші орында тұр. Үшінші орынға жету үшін бес ұпай ғана жетпей тұр. "Броммапойкарнамен" өткен бірінші ойында Исламович екі гол салған еді. 2018/2019 маусымында ол жеті гол салды. 


  0