Ойыншыларды сәтті алмастырған "Қызыл-Жар СК" соңғы минуттарда "Шахтерді" ұтты

Барлық голдар екінші таймда салынды.

"Қызыл-Жар СК" футболшылары Қазақстан премьер-лигасының 25-ші турында "Шахтерден" басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 26 қыркүйек Петропавлда өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Ойын протоколымен мына жерде танысуға болады.

Матчтағы барлық голдар екінші таймда салынды. 52-ші минутта гамбиялық шабуылшы Момоду Сиссей қызылжарлықтарды алға шығарды, алайда, 76-шы минутта "Шахтердің" және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Геворг Наджарян қарсыластарына қарымта гол салды. Ойын соңында қызылжарлықтар ойыншыларды алмастырып, алаңға шыққан ельмар Набиев 90-шы минутта қарағандылықтар қақпасына допты дәл соға алды. 





Осылайша, 27 ұпаймен "Қызыл-Жар СК" оныншы орында, ал  "Шахтер" 24 баллмен 11-ші орында келеді.

Еске салайық, ҚПЛ-ден 11 және 12-ші командалар шығып қалады, ал оныншы болған клуб алғашқы лиганың қола жүлдегерімен ойнайды. 


  0