Лэмпард бұрынғы бапкері Моуриньюді Англия кубогынан ығыстырып тастады

Манчестер өз алаңында ұтылды.

Англия лигасы үшінші раундының матчінде "Манчестер Юнайтед" елдің екінші дивизионындағы "Дерби Каунти" клубынан ұтылып, турнирден шығып қалды. 

Ойын Манчестердегі "Олд Траффорд" стадионында өтіп, қонақтардың жеңісімен аяқталды. Ойын есебі 2:2 (8:7 пенальти бойынша).

Алаң иелерінен гол салғандар Хуан Мата (3-ші минут) және Маруан Феллайни (90+5). Ал қонақтардан Харри Уилсон (59-ші минут) және Джек Марриотт (85-ші минут). Айта кетейік, "МЮ" қақпашы Серхио Рамос алаңнан қуылғаннан кейін, азшылықта ойнады. 

Негізгі уақыт тең есеппен аяқталғандықтан, жеңімпазды анықтау үшін пенальти белгіленді. Бұл сайыста "Дерби Каунти" футболшылары дәлірек болды - 8:7. Алаң иелерінен Фил Джонс мүлт кетті.

Еске салайық,  "Дерби Каунти" клубын осы маусымнан бастап Фрэнк Лэмпард жаттықтырады, кезінде "Челси" сапында ойнаған, ол уақытта бұл команданы "МЮ" клубының қазіргі бапкері Жозе Моуринью жаттықтырған.


  0