Роналду мен Месси футболдың беделін түсірді деп сынға ілікті

Футболшылар ұтылғанды көтере алмаса керек.

Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы бапкері Фабио Капелло "Барселона" шабулшысы Лионель Месси мен "Реалдың" форварды Криштиану Роналдуды ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысын марапаттау салтанатына келмегені үшін сынға алды. 

"Салтанатты шараға келмей, құрметсіздік көрсетті. "Оскарға" барлық үміткерлер келеді. Олар тым жиі жеңімпаз атанғандықтан, ұтылған ұнамайтын шығар. Дегенмен ұтылған адам сыпайылық таныту қажет", - деп келтіреді Капеллоның сөзін Football Italia.

Мұхаммед Салах 2018 жылдың ең үздік голы марапатына ие болды

Сонымен бірге, Роналду мен Мессидің әрекетін ФИФА ұйымы да сынады. "Бұл футболдың беделін төмендетеді, олар мұны түсінбейді де", - деп келтіреді Marca салтанатты шарада болған ұйым өкілінің сөзін. 

Мұның алдында, Роналду Лондондағы шараға "Ювентустың" тығыз кестесіне байланысты келе алмайтыны айтылған. Ал Месси шараға жеке себептеріне байланысты қатыспады. 

Модрич - 2018 жылдың ең үздік футболшысы!

Еске салайық, ФИФА нұсқасы бойынша 2018 жылдың ең үздік футболшысы "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич атанды. 

Месси және Роналду финалдық үштікке ілінбеді. Соңғы он жылда бұл екі футболшы атақты кезектесіп алып жүрді. Ал Модрич үшін бұл алғашқы рет. 


  0