Еуропа лигасындағы "Астананың" алғашқы матчінің тікелей көрсетілімі

Қазақстандық команданың қарсыласы киевтік "Динамо".

Бүгін, 20 қыркүйекте "Астана" командасы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Астаналық клубтың қарсыласы киевтік "Динамо" болады. 

Кездесу Киевтегі "Олимпийский" стадионында Астана уақытымен 23:00-де басталады. Бұл мачтың тікелей трансляциясын QazSport арнасы жүргізеді. 

Трансляцияға сілтеме >>>

Еске салайық, Қазақстан чемпионы K тобында, мұнда "Астана" мен "Динамодан" бөлек франциялық "Ренн" және чехиялық "Яблонец" бар.


  0