Румыния футболының аңызына айналған Хаджидың ұлы бұрыштамадан тікелей гол салды

Кездесудің 70-ші минутында 19 жастағы Янис бұрыштамадан тікелей қақпаға гол салды.

Еуропа-2019 чемпионатына (U21) іріктеу кезеңінде Румынияның жастар құрамасы өз алаңында Босния және Герцеговина командасын жеңді.

Бұл кездесуде алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Янис Хаджидың салған голы ойынның сәнін келтірді. Айта кетейік Янис - 20-шы ғасырдағы Румынияның аңызға айналған футболшысы Георге Хаджидың ұлы. 

Кездесудің 70-ші минутында 19 жастағы Янис бұрыштамадан тікелей қақпаға гол салды. 

Кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Команда сегіз ойын қорытындысы бойынша 18 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде көш бастады. 

Жартылай қорғаушы Янис Хаджи 17 жасында "Фиоренитинаға" екі миллион еуроға ауысқан еді, алайда 2017/2018 мауысымының ортасында өзінің туған "Виртоул" клубына қайтып келді. 




  0