Еуропада тағы бір футбол турнирі пайда болады



Еуропалық клубтар ассоциациясының басшысы әрі "Ювентус" клубының президенті Андреа Аньелли Еуропадағы жаңа клубтық футбол турнирі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Football Italia.

"Осы күнге дейін біз Еуропалық футбол ассоциациясының одағынан (УЕФА) жауап күттік, енді жаңа турнирді ашуға рұқсат берілді. 2021/2022 маусымынан бастап 96 клуб қатысатын болады", - деді Аньелли. 

Жаңа турнир формат бойынша УЕФА кубогының иегерлерімен ұқсас болады. Бұл жарыс 1999 жылы тоқтатылған еді. Кезінде бұл жарыста киевтік "Динамо" екі рет жеңген, ал тбилисилік "Динамо" бір рет. Мәскеулік "Динамо" 1972 жылы финалға жеткен, алайда, шотландиялық "Глазго Рейнджерстен" жеңіліп қалған еді. 

Қазіргі уақытта Еуропада клубтық деңгейде екі турнир бар - Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы.


  0