Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының екінші ойынының тікелей трансляциясы

Бұл ойын сыртта өтеді.

Қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні Қазақстанның футбол құрамасы УЕФА-ның жаңа турнирі - Ұлттар лигасындағы екінші ойынын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Станимир Стойлов жаттықтыратын футболшыларымыз Андора құрамасымен матч өткізеді. Кездесу Андорра-ла-Вельядағы "Насьонал" стадионында өтеді және Астана уақытымен 00:45-те басталады. Ойыннды тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. 

№1 трансляция сілтемесі >>>

Еске салайық, Қазақстан құрамасы D двизионында, мұнда Андорадан бөлек Грузия және Латвия құрамалары бар. 6 қыркүйекте басталған Ұлттар лигасының матчтері 20 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, турнир тарихындағы алғашқы ойын Астанада өткен. Ол кезде Қазақстан мен Грузия кездесуі 0:2 есебімен аяқталған. Түнде Грузия құрамасы Латвияны - 1:0 есебімен ұтып, екнші жеңіске жетті. 


  0