"Ешкімге төлқұжат бермедім". Стойлов легионерлер мен жаңадан қосылғандар мәселесін түсіндірді

Ол еш легионерге төлқұжат бермегшенін айтады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов Ұлттар лигасының алдында командаға жаңадан келгендердің маңызы мен үшінші қақпашыға қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

- Құрамаға Украинадан келген үшінші қақпашы - Дмитрий Непогодовтың қажеті қанша?

- Ешкімге төлқұжат бермедім. Төлқұжатына қарамадым - онда ол қазақстандық деп тұр. Ол қайда туып, ойнағаны маңызды емес. Төлқұжаты болса, себебі де бар. Эричке төлқұжат берген жоқпын. Сондықтан қазір де сұрамаңыздар. 

Командаға жаңадан қосылған Думан Нарзилдаев пен Айбол Әбікеннің рөлдерін бағалаңызшы. Құрама деңгейіне қаншалықты сәйкес? Зайнутдинов қай позицияда ойнайды?

- Әбікеннің тәжірибесі молырақ деп ойладым, ол жастар құрамасында ойнады. Бірақ оның үйренетіні бар екен. Думан да барын салуда, бірақ әрекетінің ырғағын өзгерту керек. Егер ертең ойнағысы келсе, Ұлттар лигасы басқа ойын деңгейінде болады. Бұл ақылды жігіттер деп ойлаймын. Зайнутдиновке келсек, ол ортада да, шабулда да ойнады. Оған басқа позиция қарастырған жоқпын. 

Еске салайық, Қазақстанның футбол құрамасы Станимир Стойловтың басқаруымен Ұлттар лигасын 6 қыркүйекте "Астана арена" алаңында Грузияға қарсы ойынмен бастайды. 


  0