Дидье Дрогба "Челсиге" оралды

Англиялық клуб сапында футболшы Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен.

"Челсидің" бұрынғы шабуылшысы англиялық клубқа оралды. 40 жастағы ивуарлық футболшы Yokohama Tyres - команданың негізгі демеушісінің елшісі атанды. 

Дрогба клубтың ресми серіктесіне жаңа бастама аясында қосылды. "Үлкен дүниеге жүріс" науқаны Франция, Үндістан, Малайзия, Португалия, Испания және Вьетнамда өтеді. Дрогба "Челси" жанкүйерлері және Yokohama тұтынушыларымен кездесіп, өзінің футболдағы жолы туралы баяндайды. 

"Челси" менің өмірімнің үлкен бөлігі, сондықтан мен клубты әлем бойынша танымал етуді абыроймен атқарамын. Науқанның басталуын, Yokohama тұтынушылары және команда жанкүйерлерімен кездесуді асыға күтемін", - деп келтіреді Дрогбаның сөзін "Челсидің" ресми сайты. 

Дрогба "Челси" сапында Англияның төрт дүркін чемпионы атанып, төрт рет ел кубогын иемденген және Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды. Футболшы Англия премьер-лигасының үздік бомбардирі және Африканың үздік футболшысы атанған. 


  0