"Астананың" бұрынғы шабуылшысы Ресей премьер-лигасындағы алғашқы ойнын өткізді

Ойын Мәскеуде өтті.

"Астана" клубының бұрынғы форварды Джордже Деспотович "Оренбург" үшін алғашқы ойынына қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресей премьер-лигасының алтыншы туры аясында орынборлықтар мәскеулік "Динамодан" 0:2 есебімен ұтылып қалды. Алаң иелерінің сапындағы Евгений Марков 63-ші минутында есеп ашты, ал 94-ші минутта Евгений Луценко қонақтар қақпасына екінші голды салды. 

Өткен матчта Деспотович ойынға 96-шы минутта қосылған. Ол кезде форвард булруссиялық қорғаушы Михаил Сиваковты алмастырды. 

Осылайша, он ұпай жинаған "Оренбург" бесінші орынға төмендеді, ал тоғыз баллы бар "Динамо" 16 клуб арасында жетінші орында тұр. 


  0