"Реалдың" қорғаушысы Роналдудың жоқтығына шағымданды

Португалиялық жазда "Ювентуске" ауысқан.

Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Марсело команданың Криштиану Роналдудың кеткенінен кейінгі ойнына баға берді, - деп хабарлайды Football Espana.

"Әрине, Криштианудың орны ойсырап тұр. Ол әлемнің ең мықты ойыншысы. Бірақ Гарэт Бейл мен Карим Бензема да жақсы футболшылар", - дейді Марсело.

Сонымен бірге, футболшы "Жиронаны" жеңгеніне (4:1) қатысты да пікірін білдірді. "Шынын айтсам, ойыншы ауыстыруға таңдандым (екінші таймда Марселоның орнына Рафаэль Варан шықты). Бапкердің шешімін сыйлаймын. Әр матч сайын алға жылжимыз деген ойдамын. Жақсы ойын өткізіп, үш ұпай жинадық", - деп атап өтті бразилиялық. "

Айта кетейік, Роналдудың кетісімен "Реал" матчіне келушілер саны азайған. Роанлду жазда мадридтік команда сапынан "Ювентуске" ауысқан.


  0